«Қазақстандықтар WhatsApp арқылы «қылмыскерлер медицина қызметкерлері ретінде пәтерлерді аралап, алдау арқылы азаматтарға вирус жұқтырып жүр» деген сыңайлы ақпаратты жиі ала бастады. Бұл таратылған ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Еліміздің аумағында осындай сценарий арқылы жасалған қылмыс тіркелген емес. Министрлік азаматтарға жеткізгісі келетін ақпарат ресми дереккөздер арқылы ғана таратылатындығын ескерткім келеді», - деді ол.
18:54, 29 Қаңтар 2018
ҚР ІІМ WhatsApp-пен тарап жатқан жалған ақпарат туралы ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпараттың таралып жатқандығын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.