Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау әрбір аумақтық ішкі істер органдарында комиссиялық түрде жүргізілетін болады.
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.