ҚР ІІМ жаңа оқу жылының басталуына орай жолдағы тәртіпті қатаң бақылауға алмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысына мұқият болу қажеттігін ескертті. Бұл туралы министрлік өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Оқужылының басталуына небәрі 3 апта уақыт қалды. Мыңдаған бүлдіршініміз мектептабалдырығын аттамақшы. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналардан кішкентай балаларына жолда жүруережелерін түсіндіруді, жолдан өту кезінде ересектердің көмегімен бағдаршам арқылынемесе жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту қажеттігін үйретуді сұрайды»,-делінгенхабарламада.

Сондай-ақминистрліктің хабарламасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығыполиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласы аумағындажол қауіпсіздігі деңгейін көтеру мақсатында 2018 жылдың қыркүйегінен бастапқаладағы ірі көше қиылыстарында және 147 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілергеарналған жолақтардың алдында Жергілікті полиция қызметі басқармасының жәнепатрульдік полиция полкінің қызметкерлері 3 ауысыммен кезешілік етеетіндігіайтылған.

«Бұл бастамаөз жалғасын табатын болады. Жол қауіпсіздігі сақтау - бәріміздің ортақміндетіміз»,-делінген минситрлік таратқан ақпаратта.