ҚР Ішкі істер министрі орынбасарларын түзеу колонияларын тексеруге жіберді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түзеу мекемелерін жаңғырту, жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Нұр-сұлтан (ЕЦ-166/5) және Ақмола облысының (ЕЦ-166/18, ЕЦ-166/25) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне оның орынбасары аттанды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің facebook-тегі парақшасынан белгілі болды.

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғани Заппаров мекеменіңмедициналық бөлімдерінің жабдықталуын тексерді, сотталғандар тұратын отрядтарда жәнеөндірістік учаскелерде болды.

Ол сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментініңЕЦ-166/5 мекемесінің мектеп және кәсіптік-техникалық колледжінің жұмысыментанысты, сотталғандарды әртүрлі сұрақтар бойынша қабылдап, кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрдің орынбасары колониядағы оқыту және кәсіптікбілім беру үшін жасалған жағдайлар еңбек етуге, жәбірленушілерге келтірілгензиянның орнын толтыруға, ең бастысы бостандыққа шыққан кезде тез әрі табыстыбейімделуге ықпал ететінін атап өтті.

А. Заппаров мекеме басшылығы және қызметкерлермен біргежеке құрам үшін өзекті мәселелерді, пенетенциарлық жүйені жаңғырту және жұмысорындарын құру үшін кәсіпкерлерді тарту мәселелерін талқылады.

«Нұр-Сұлтан»қаласы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі ОрынбасарҚұлжабаева және Ақмола облысы бойынша ҚБК «Наше право» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Владиславом Шульмен мекеме қызметіне азаматтық бақылау жүргізу жайы дасөз болды. Құқыққорғаушы өз кезегінде сотталғандарды ұстау тәртібі мен шарттарына қатысты оңөзгерістерді атап өтті.

Естеріңізгесала кетейік, бұған дейін ІІМ бастамасымен депутаттар, мемлекеттік органдар,ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Ашық диалог –пенитенциарлық жүйені реформалау құралы» атты форумы өтті.

Пенетенциарлық жүйені халықаралық стандарттарғажақындату, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту, адам құқықтарын сақтауүшін форумға қатысушылардан жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы еліміздегіҚылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудың жол картасы әзірлеуде.

Жол картасына азаматтық қоғам өкілдері мен құқыққорғаушылардың 200-ге жуық ұсыныстары енді.

Соңғы жаңалықтар