ҚР ішкі істер органдары жүйесінде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшенің құрылғанына 15 жыл толды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР ішкі істер органдары жүйесінде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшенің құрылғанына 15 жыл толды, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

15 жылда арнайы мақсаттағы қызмет қалыптасу және даму жолынан өтті, және бүгінгі күні - шұғыл міндеттерді табысты орындауда маңызды құрамдардың бірі.

Құрылған күннен бастап Астана қаласының «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері елорда аумағындағы шұғыл жағдайларды қалыпқа келтіруге елеулі үлес қосуда. «Арлан» қызметтік борышты өтеу кезінде бір де бір қызметкерінен айырылмай көптеген арнайы операцияларды жүргізді.

Бөлімшенің есебінде көптеген есіткімен айналысушыларды, қауіпті және аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау, кепіл төлегендерді босату, сондай-ақ, үлкен көлемде қаруларды, оқ-дәрілерді, есірткі заттарын тәркілеу бар.

Сонымен қатар, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлері ҚР-ға келіп-кету кезінде мемлекет басшыларының және ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Астаналық «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшені құруда оның бірінші командирі, қазіргі уақытта ардагері Дәулет Темірханов үлкен рөл атқарды.

«Арлан» жауынгерлерін құттықтай отырып, астаналық полиция басшысы Амантай Әубәкіров «бүгінгі арландықтардың кез-келген жағдайда операциялар жүргізу үшін жоғары деңгейде дайындалғаны және алға қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігі үлкен ұйымдасқан жұмыстың нәтижесі болды», деп атап өтті.

Барлық қызметкерлердің дерлік жекпе-жек ұрыс түрлері бойынша дәрежелері бар. 15 жылда бөлімшенің қызметкерлері бірнеше рет гарнизондық, қалалық, республикалық чемпионаттар мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері болған.

Мерекенің құрметіне «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің үздік сарбаздары ІІМ және Астана қаласы ІІД бастығының көтермелеу марапаттарына ие болды.