ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң «Ұлт жоспарын, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», Қазақстанның көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.