Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қаза болған қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.