Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті. Қойылған диагноз – ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит, деп хабарлайды Кazinform.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.
«Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты», – деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Курсанттардың ешқайсысы әзірге ауруханадан шығарылған жоқ.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.