Шараны Бейжің шет тілдер университеті жанындағы «Қазақстан орталығы» мен Орыс тілі институтының қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға дайындық бір ай бойына жалғасты. Концерттің басталуының алдында көрермендерге құттықтау сөздерін ҚР ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі Қайрат Абдрахманов пен Бейжің шет тілдер университеті орыс тілі институтының директоры Хуан Мэй жеткізді. Қонақтарға Қытайлық ұлттар орталығы университетінің, Бейжің би академиясы, ҚХР телеграф және пошта университетінің студенттері өздерінің арнайы қойылымдарын арнады.
Студенттердің қойылымдарының арасында Қазақстан туралы бейнероликтер көрсетілді. Кештің аяқталар тұсында
Қазақстан мен Қытай жастары қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілерін көрсетті. «Қазақстан орталығының» хор ұжымы қазақ және қытай тілдерінде достық туралы әндер орындады.
«Маған бүгінгі кеш қатты ұнады. Қазақстаннан келген студенттер өз халқының мәдениетін өте керемет етіп көрсете білді және қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сіздердің елдеріңіз 25 жылдың ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мен алдағы 25 жылда бұл мемлекет бүгінгіден де жедел дамитынына сенемін»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Бейжің шет тілдер университетінің ұстазы Янь Сюецин.
Осы ЖОО-ның Түрік тілі кафедрасының профессоры, Түркия азаматы Джен Айгун қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.