«Мән-жайды анықтайық. Балаларды дұрыс тәрбиелеп, дұрыс оқыту үшін, сұранысты қанағаттандыру үшін дұрыс оқулықтар керек. Ата-аналар да риза болуы тиіс. Білім және ғылым министрлігіне проблеманың неден туындағандығын анықтап, түсіндіруді тапсырамын»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізде болса, бұған дейін 5-ші сынып оқушыларының ата-аналары мазмұны жаңарған орыс тіліне көңілдері толмайтындығын айтқан болатын. Олар кітапқа енген «желілік әдеп», «армандаған көлік», «автомобиль жарнамасы» сынды сөздерге наразылық танытқан еді.