ҚР Президентін ШЫҰ Саммиті өтетін жерде Шавкат Мирзиёев қарсы алды
11:07, 16 Қыркүйек 2022
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» келді, деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетсек, кеше кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.
Мемлекет басшысы Өзбекстанға сапары барысында Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.
Фото: t.me/bort_01