ҚР Президентінің БАӘ-ге сапарының видеошолуы жарияланды
02:10, 28 Қаңтар 2020
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күніне бейне шолу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар аясында ҚР Президенті Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды.
Фото: AkordaPress