Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Н.Ә. Назарбаевтың ай сайынғы шәкіртақы қоры тағайындайтын «Назарбаев шәкіртақысы» еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орындарының 10 магистрантына табысталады.
Шәкіртақы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу үлгерімі үздік, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, жоғары оқу орнының, қаланың, еліміздің қоғамдық қызметіне белсенді араласатын магистранттарына тағайындалады.
ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындары екінші жыл оқып жүрген магистранттардың үміткерлер тізімін ұсынды. Жоғары оқу орындары ғылыми кеңесі шешімінің негізінде конкурстық комиссияның жұмыс тобы ұлттық жоғары оқу орындарының 50 магистрантының тізімін қарап шықты.
Комиссияның конкурстық талаптары бойынша «Назарбаев шәкіртақысының» жоғары талаптарына сәйкес келетін 10 магистрантты таңдап алды. Барлық үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары - 4,0 (GPA).
Назарбаев шәкіртақысы осымен үшінші жыл тағайындалуда. Жыл сайын үміткерлер саны артуда. Бірінші жылы конукурсқа 14 магистрант қатысты, екінші жылы 28 магистрант өз бақтарын сынаған. 2013-2014 жылы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 50 магистранты ұсынылды.