Министрдің қолынан төс белгіні «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Қаламқас Әбуова да алды. Бұдан басқа, журналистер бейресми жағдайда сыртқы саяси ведомствоның басшысына сұрақтар қойып, жауап алды.
Еске салсақ, 2 шілдеде Қазақстанда елдің Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді.
«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 837 Жарлығымен кәсіби және өзге де мерекелер тізбесінде 2- шілде - Дипломатиялық қызмет күні деп толықтырылды.