«Зардап шеккендер арасында біздің азаматтар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Айта кетейік, Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото қаласында магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Тағы 760 адам ауруханада жатыр. Жапон метеорологиялық агенттігі осыған дейін тұрғындарды жер сілкінісі салдарынан цунами болуы мүмкін екенін ескертіп, жағалау маңынан қоныс аударуды сұраған болатын.
Жалпы, Жапонияда екі күн ішінде екі бірдей жер сілкінісі орын алды. Кумамотоның Уеки қаласынан 7 шақырым қашықтықта магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болып, салдарынан 9 адам қаза тапқан еді. Сондай-ақ мыңға жуық адам зардап шеккен.