«Халықаралық экономикадағы тәуекелдерге қарамастан, 2021 жылғы 9 айда елдің Жалпы ішкі өнімі 3,4 пайызға артты. Осы қарқынның арқасында экономика өндірістің пандемияның алдындағы көрсеткішіне жетті», - деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, инвесторларға қатысты қадамдар түзелген, бұған капитал нарығының қарқыны дәләл болып тұр.
«Тікелей шетел инвестициясы Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 30 пайыздан астам өсті. Ал ЕО-дан тікелей шетел инвестициясы 15 пайызға артты», - деді Үкімет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.
Асқар Мамин соңғы 10 жылда Еуропалық одаққа мүше елдер өңірге 110 млрд еуродан астам инвестиция салғанын жеткізді.