АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұқановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатыр.
«2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.