ҚР ҰҚК Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдерін атады
Комитет өкілдері қаза болғандардың отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Өз әскери борышын өтеу барысында ҚР ҰҚК әскери қызметшілері:
– майор Барлықбаев Ғабит Есімдеұлы;
19.10.1984 жылы туған, әуе бөлімінің штурманы;
– капитан Баймұратов Досжан Ғалымбекұлы, 15.12.1985 жылы туған, әуе бөлімінің ұшу тобының борт технигі;
- аға лейтенант Сағымбаев Мұхтар Қажымұқанұлы, 24.11.1994 жылы туған, әуе бөлімінің ұшу тобының экипаж штурманы;
– сержант Васильков Евгений Борисұлы,
10.11.1985 жылы туған, әуе бөлімінің ұшу тобының бас борт механигі;
«АН-26 әскери транспорттық ұшағының экипажы тәжірибелі, кәсіби тұрғыдан білікті болатын. Өмірінің соңына дейін әскери антына адал қызмет етті. Олардың адалдығы, қайсарлығы қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәңгілік жадында қалады. Ауыр қайғыға ортақпыз», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайында апатқа ұшырады.
Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тірі қалған адамдардың жағдайы туралы айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ның тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты