Оқиға 7 қарашада болған. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жеткен. Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін санитарлық авиация тікұшағы жұмылдырылды.
Польша бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, атыс жасады деген күдікті ұсталды.
Оқиғаға Польшаның премьер-министрі Дональд Туск пікір білдірді. Оның айтуынша, ол Ішкі істер министрімен тұрақты байланыста болып, жағдай туралы жедел ақпарат алып отыр.
Үкімет басшысы полиция оқиғаның мән-жайы мен шабуылдың ықтимал себептерін анықтап жатқанын атап өтті.
Зардап шеккендердің жағдайы мен атыстың себептері туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Польшада мемлекеттік төңкеріс туралы хабарлар тарап жатқаны туралы жазған едік.