«ЮТэйр» әуе компаниясының баспасөз қызметінде мәлім еткендей, құлаған Ми-8 дәл осы компанияға тиесілі болған. Тікұшақтың қалағы басқа ұшақтың сыртқы аспасындағы жүкке соғылған, деп хабарлайды НТВ телеарнасы.
Апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында мұнайшылардың вахтасына ұшып келе жатқан 15 жолаушы және экипаждың 3 мүшесі болған. Өкінішке орай, барлығы қаза тапты. Екінші тікұшақтың экипажы зардап шеккен жоқ. Жерге аман-есен қонды.
Еске салайық, бүгін Красноярскі аумағындағы Ванкор кен орнында МИ-8 тікұшағы құлап, 18 адам қаза тапқан еді. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, тікұшақтың құлауына техникалық ақау немесе ұшқыштың жұмыс жасау кезінде жасаған қателіктері себеп болуы мүмкін.