Еске салсақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Президент Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті.
Осыған дейін ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтетінін жеткізді.
Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан кешкі ас беріледі.