Чемпионаттың соңғы, 34-туры аясында «Әл-Наср» өз алаңында «Дамакты» 4:1 есебімен жеңді.
Кездесуді алаң иелері белсенді бастап, алғашқы минуттардан ойын тізгінін өз қолына алды. Матчтың 34-минутында Садио Мане бұрыштамадан асырылған допты сәтті пайдаланып, есеп ашты.
Екінші таймда команда басымдығын арттырды. Криштиану Роналдудың нәтижелі пасынан кейін Кингсли Коман гол соқты.
Қонақтар пенальтиден бір доп айырмасын қысқартқанымен, кейін басымдық қайтадан «Әл-Насрға» өтті. Роналду алдымен айып добынан мергендік танытса, кейін оң қапталдан берілген пастан кейін дубль авторы атанды.
Осылайша матч 4:1 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына аяқталды.
Маусым қорытындысы бойынша клуб Сауд Арабиясы чемпионатының алтын медалін иеленді. Бұл Криштиану Роналду үшін саудиялық клуб сапындағы алғашқы ресми жүлде болды. Португалиялық шабуылшы маусымның соңғы ойынында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, биыл ақпан айында Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан кетпейтінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ осы жылдың қаңтар айында вандал Португалияда Криштиану Роналдудың мүсінін өртеп жіберді.