Португалияда вандал Криштиану Роналдудың мүсінін өртеп жіберді

АСТАНА.KAZINFORM - Португалиялық танымал футболшы Криштиану Роналдудың Отанында белгісіз біреу оның мүсінін өртеп жіберді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

статуя Криштиану Роналду в Португалии
Фото: АЗЕРТАДЖ

Жергілікті «Correio da Manha» газетінің хабарлауынша, Мадейра штатының Фуншал қаласындағы мүсінге вандал жанғыш сұйықтық шашып, оны өртеп жіберген. Оқиғаны телефонына түсіріп алған қылмыскер жанып жатқан мүсіннің алдында билеп, әдепсіз қимылдар жасаған. Instagram-дағы видеосында ер адам: «Бұл Құдайдың Криштиануға соңғы ескертуі» деп жазған.

Арал полициясы күдіктіні анықтады. Ер адамның бұрын да осындай қылмысқа қатысы бары белгілі болды.

Биіктігі шамамен 2,4 метр болатын Криштиану Роналдудың мүсіні 2014 жылы Праса-ду-Мар алаңында орнатылған. Екі жылдан кейін аргентиналық футболшы Лионель Мессидің жанкүйерлері мүсінге оның атын жазғаннан кейін ескерткіш басқа жерге көшірілген. Ескерткіш қазір Роналду мұражайының жанында тұр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Эр-Риядта кездескен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар