Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) үздік сұрмергендер тізімін жариялады.
Есепке ресми халықаралық клубтық жарыстарда (құрлықтық және әлемдік), сондай-ақ ұлттық құрама сапында соғылған голдар ілікті.
Криштиану Роналду 270 голмен көш бастаса, Лионель Месси (235) – екінші, Роберт Левандовски (178) үшінші орында.
Тізімге барлығы мына ойыншылар енді:
1. Криштиану Роналду (Португалия) – 270 гол;
2. Лионель Месси (Аргентина) – 235;
3. Роберт Левандовски (Польша) – 178;
4. Герд Мюллер (Германия) – 137;
5. Неймар (Бразилия) – 136;
6. Карим Бензема (Франция) – 128;
7. Рауль (Испания) – 123;
8. Али Даеи (Иран) – 122;
9. Ференц Пушкаш (Мажарстан) – 122;
10. Луис Суарес (Уругвай) – 121;
11. Златан Ибрагимович (Швеция) – 119;
12. Эдин Джеко (Босния және Герцеговина) – 117;
13. Дидье Дрогба (Кот-д′Ивуар) – 115;
14. Андрей Шевченко (Украина) – 115;
15. Эдинсон Кавани (Уругвай) – 113;
16. Роналдо (Бразилия) – 112;
17. Тьерри Анри (Франция) – 110;
18. Ромарио (Бразилия) – 109;
19. Ромелу Лукаку (Бельгия) – 108;
20. Самуэль Это′О (Камерун) – 105.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мбаппенің әлем чемпионатынан кейін ең қымбат ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.
Фото – Сhampionat.com/Дмитрий Голубович