АСТАНА. KAZINFORM — Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасының шабуылшысы және капитаны Криштиану Роналду спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты.
Әлем футболының жарық жұлдызы Сауд Арабиясы Про-Лигасы 7-турындағы «Аль-Фейх» (2:1) командасымен кездесуден кейін алдағы мақсаты жөнінде пікірін білдірді.
— Бұл — мен үшін де, бүкіл команда үшін де керемет кеш. «Аль-Наср» жеңді, мен екі гол соқтым, бұл — өте маңызды. Әрқашан спорттық салада ұзақ ойнауға тек құштарлықтың арқасында қол жеткізуге болатынын айтамын. Мен футболды жақсы сезінемін. Сондықтан спортық мансабымды жақын уақытта тоқтатпаймын. Жасыл алаңдағы өнерімді әлі де жалғастырғым келеді, - деді ол.
Португалиялық футболшы Про-Лигада жеті кездесуде 8 гол соғып үлгерді. Ол 2023 жылдан бері «Аль-Наср» сапында 84 кездесуде 82 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Айта кетсек, Роналду әлем чемпионатының іріктеу матчтарында барлығы 41 гол соғып, жаңа рекорд орнатты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.