Енді футболшыға 1 000 голдық межеге жету үшін тағы 14 гол қажет. Бұл туралы Informsports.kz жазды.
Португалия құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында Криштиану Роналдудың кезекті голына қатысты жазба жарияланды.
— 986 гол артта. Мыңдық межеге жету үшін тағы 14 гол керек, — делінген ұлттық құраманың жазбасында.
Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының тоғызыншы турында «Әл-Ахли» командасына қарсы ойында «Әл-Наср» сапында гол соқты.
Жидда қаласында өткен матчта Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» командасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Кәсіби мансабында Роналду барлығы 986 гол соққан. Оның 840-ы клубтардағы ойындарына, ал 146-сы Португалия құрамасы сапындағы матчтарға тиесілі.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 21 қараша күні Шанхай қаласындағы Нанкин көшесінде әлемдік футболдың жарқын жұлдызы Криштиану Роналдудың құрметіне арналған жер бетіндегі ең биік ескерткіш салтанатты түрде ашылғанын хабарлағанбыз. Сонымен бірге аңыз футболшының Қытайдағы алғашқы музейінің ашылу рәсімі өтті.
Ал оның алдында футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі Роналдудың Португалия ұлттық құрамасындағы мансабы аяқталғаны туралы жазған едік.