АСТАНА. ҚазАқпарат - Шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Насср» командасына ауысуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Криштиану Роналду бұған дейін Португалия, Англия, Испания, Италия чемпионаттарында ойнады. Өткен жылдың желтоқсан айының соңына қарай Сауд Арбиясының «Аль-Насср» командасы сапына қосылды.
«Бұл біздің көз алдымызда болып жатқан оқиға. Осындай істер біздің клубты ғана емес, сонымен қатар біздің лиганы, ұлтты, болашақ ұрпақты алдағы табыстарға жетелейді деген сенімдемін. Ол бізді шабыттандырады», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісінде.
2022 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы сапында 1/4 финалға дейін жетті.
Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.