Англиялық клуб финалда Испанияның «Райо Вальекано» (1:0) командасын қапы қалдырды. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды 51-минутта «Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матет өзінің еншісіне жазды.
Конференция лигасындағы жеңіс англиялық клубтың 120 жылдық тарихындағы алғашқы еурокубок трофейі. Олар 2025 жылы Англия кубогы мен Англия суперкубогына ие болды. Мұндай жетістікке команда бұрын-соңды қол жеткізген емес.
Айта кетсек, жартылай финалда «Кристал Пэлас» Украинаның «Шахтерін» (2:1, 3:1) қапы қалдырған еді.
Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Астон Вилла» алғаш рет UEFA Еуропа лигасының чемпионы болды.
Енді 30 мамыр күні UEFA Чемпиондар лигасында «Арсенал» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары бас жүлдені сарапқа салады.