— Аталған жоба № 1, 11, 37, 58, 84, 89, 93, 98 балабақшаларында инновациялық жоба енгізілген. Ал № 8, 9, 12, 15, 21, 25, 26, 27, 31, 32, 33, 35, 39, 40, 42, 43, 46, 47, 49, 54, 55, 60, 61, 63, 66, 67, 69, 70, 71, 72, 73, 75, 76, 78, 79, 83, 87, 88, 90, 91, 94, 95, 97, 99 балабақшаларында қосымша ретінде теннис элементтері өтіп жатыр, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты — мектеп жасына дейінгі балаларды теннистің бастапқы элементтерімен таныстыру, ракетканы дұрыс ұстау және допты басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың ептілігін, қимыл дәлдігін, тепе-теңдікті сақтау қабілетін және қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы теннистің қарапайым тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Допты домалату, лақтыру, қағып алу және ракеткамен бағыттау сияқты жаттығулар қол мен көз қимылының үйлесімділігін жетілдіруге, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға және зейінді шоғырландыруға ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге және қимыл-қозғалыс жаттығуларын қауіпсіз ортада орындауына жағдай жасауға ерекше мән беріледі.
«Baby Tennis» жобасы мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытып, дене қабілеттерін дамытуға, спортпен жүйелі айналысуға деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.
Бұдан бұрын баланы үлкен тенниске беру қанша тұратынын жаздық.