ҚСЗИ сарапшысы: Елге ақпарат түсінікті тілмен берілуі керек
«Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінқұруын прогрессивті шешім деп атауға болады. Президент қызметіне кіріскенсәттен бастап, мемлекеттік қызметшілерге халықпен әлеуметтік желі арқылыбайланысу керектігін өз әрекеті арқылы көрсетіп келеді.
Бұл тұрғыдаОрталық коммуникациялар қызметінің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігініңқарамағынан Президент Әкімшілігіне ауысуы елдегі түрлі жағдайларды халыққатүсіндірудің мемлекеттік саясаты күшейтілетінін көрсетеді.
Орталықкоммуникациялар қызметінің жаңа статусы Мемлекет басшысына мемлекеттікведомстволардың қызметіне қатысты ақпараттың тынысын өз қолына алуға мүмкіндікбереді. Интернет жылдам дамып, ақпарат арналарының көбеюі тұтынушыны қызықтыраалатындай сапалы контентке деген қажеттілікті арттырады», - дейді сарапшы.
Оның айтуынақарағанда, аталмыш мекемеге Telegram мессенджеріндегі танымал арна иесі ТалғатҚалиевтің басшылық етуі ақпарат таратудың креативті жолдарын өмірге әкелуімүмкін.
«Жастар»ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған Талғат Қалиевке Орталық коммуникациялар қызметін елгеақпаратты түсінікті тілмен жеткізудің тиімді алаңына айналдыру жүктеліп отыр.Мекеменің жұмысына креативті форматтар енгізу қажет. Сонда ғана азаматтар түрлісаладағы мемлекеттік саясаттың қалай жүзеге асып жатқанын түсінетін болады», -деді ол.
Еске салсақ,Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметініңбасшысы болып тағайындалды.