КТК-ның Қазақстандағы білім беру жүйесіне қатысты таратқан ақпараты жалған - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КТК арнасының Қазақстанда сырттай білім беру жүйесі жабылады деген мәліметті хабарлаған бірқатар БАҚ ақпараттары шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

«30 қаңдарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жиында министрліктің Қазақстандағы сырттай білім беру жүйесін бақылауды күшейту, қашықтықтан білім берудің сапасын арттыру және дамыту жоспары айтылған», - делінген ведомство хабарламасында.