Куәгерлер Колумбиядағы Boeing апатын видеоға түсіріп алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Колумбиядағы Boeing 727 жүк ұшағы құлаған бейнекадрлар пайда болды. Ұшақ енді ғана көтеріле бергенде бағытын жоғалтып, төменге қарай құлдырайды.

Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі артық жүк болуы мүмкін.

Колумбия азаматтық қорғаныс департаментінің мәлімдемесінде бес экипаж мүшесінің көз жұмғаны айтылған, олардың аты-жөні де анықталған. Тірі қалған авиатехниктің халі мүшкіл, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысуда.