АСТАНА. KAZINFORM — Кубаның дамуы үшін Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің ынтымақтастығы өзекті. Бұл жөнінде V Еуразия экономикалық форумында Куба Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса мәлімдеді.
– Куба үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен экономикалық және сауда қатынастар маңызды және аса қажет. Экономикалық даму жолында біз Еуразиялық экономикалық одақ тарапынан тарихи достық пен түсіністікке сүйенеміз, – деді Сальвадор Вальдес Меса.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Президенті келесі жылы ЖИ бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынғанын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.