Кубада 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Кубаның батысындағы Пинар-дель-Рио провинциясындағы Мантуа қаласының маңында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: hurriyet.com.tr

Кубаның батысындағы Пинар-дель-Рио провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 13:37–де (Астана уақытымен 22:54) тіркелген. Бұл туралы Кубаның Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер орталығы (CENAIS) хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Маусым айының басында осы өңірде магнитудасы 6,2 болатын бұдан да күшті дүмпулер болған, олар ел астанасы Гавана қаласында да сезілген.

Сейсмологтар мұндай белсенділік Кубаның батыс бөлігі үшін қалыптан тыс құбылыс екенін атап өтті, өйткені жер сілкіністері көбіне аралдың шығыс бөлігінде тіркеледі.

Бұған дейін Павлодар облысының халқы жерасты дүмпулерін сезгені туралы жазған болатынбыз.