— Бізде Алматы аумағындағы рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс жатыр. Басқа ақпаратты айтуға хақым жоқ. Ол (Нұржан Нұрланов — ред.) күдікті ретінде танылған жоқ. Оған қатысты айып тағылып отырған жоқ, — деді агенттің басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына Нұржан Нұрлановтың рейдерлік әрекеті туралы өтініш түскенін, әуелі ол істі полиция департаменті қолға алып, кейін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілгенін мәлім етті.
Айта кетсек, 16 сәуірде Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлікпен айналысты деген күдікке ілінгені айтылған болатын.