Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң қабылданды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң қабылданғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды мақұлдады.

2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түскен.