МАДРИД. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 165-ракеткасы, Испания өкілі Альберт Рамоспен сынға түсті.
Бірінші партияда Кукушкин 2:5 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады — 7:6 (7:3).
Екінші сетте Рамос 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:4.
Шешуші, үшінші партияда Михаил жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Үш сағат 53 минутқа созылған тартысты матчта Кукушкин 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Рамос 4 эйс, 5 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Стефано Наполитаномен таласады.
Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 232-орында тұрған швейцариялық Марк-Андре Хуслерден айласын асырды — 6:2, 7:6 (7:5).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).