Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін латвиялық Диана Марцинкевичпен шеберлік байқасты.
Тартысқа толы кездесуде Құламбаева 6:0, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Енді Жібек 1/2 финалдық бәсеке барысына Буньвяви Тамчайватқа қарсы тұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық қос теннисшінің Аустралия чемпионатында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.