Көпірді жөндеуді «ҚазАлем» ЖШС қолға алған. Серіктестік өкілі Дауылбай Кемаловтың айтуынша, жұмысты қыркүйекте бастау көзделген. Алайда коммуникация желілерін көпір астымен өткізілгені кедергі келтірген.
– Желтоқсан айына дейін коммуникация желілері жүргізілді. Жөндеу жұмысы 12 желтоқсанда басталды. Қазір құрылыс жұмысына 40 адам, 20 техника тартылды. Көпірге 10 бағана орнатылады. Жөндеу жұмысын наурызда аяқтауды жоспарлап отырмыз, - дейді Дауылбай Кемалов.
Оның айтуына қарағанда, құрылыс материалдары көршілес Ресей Федерациясынан тасымалданып жатыр. Құрылысшылар күніне 10 сағаттан жұмыс істейді.
– Жөндеу жұмысын белгіленген мерзімде аяқтауды көздедік. Сол себептен, күндізгі жұмыс 10 сағатқа дейін созылады. Алдағы уақытта түнгі ауысыммен жұмыс істеуге тура келуі мүмкін, - деп мәлім етті Дауылбай Кемалов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы көктемгі су тасқынына қалай дайындалып жатқанын жазған едік.