Күн қайта ысиды

АСТАНА. KAZINFORM — Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді.

Күндіз ауа температурасы:

батыста және солтүстік-батыста 38... 43°C;

солтүстікте 30... 35°C;

орталықта 28... 39°C;

оңтүстікте 36... 41°C;

оңтүстік-шығыста 29... 37°C;

солтүстік-шығыс пен шығыста 23... 32°C болады деп күтіледі. 

Айта кетелік бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады