«Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық», — делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.
Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа-райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:
алыс сапарлардан аулақ болу; ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ сапарлардан бас тарту;
елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
жол жабылатын жерлерде көлік құралдарының жиналуын жасамау;
мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде тоқталу.