ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін.
Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Айта кетелік Қызыл кітапқа енген 9 ителгіні Қырғызстанға әкетіп бара жатқандар шекарада ұсталған еді.