Құны 54 миллиард теңге болатын таулы аймақтағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының прокуратурасы таулы аймақтағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алды. 

— Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс, — делінген хабарламада.

2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағандыда құны 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.