Күннің бұзылуына байланысты бірнеше бағыт бойынша қозғалысқа шектеу қойылды

Фото: Балағазиев Ерназ / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 5 желтоқсан сағат 21:15–те ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.

Қостанай облысы: — «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ақмола облысы: — «Қостанай- Әуликөл- Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);

— «Жезқазған-Петропавл» 537-552 шақырым, Бұзылық а.- Сұрған қ.

Осыған дейін Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелгені туралы жаздық.