Құрбан айт күні астаналықтар автобуста тегін жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусым, жексенбіге түседі.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Құрбан айт» мерекесі күні 16 маусымда елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін. Қоғамдық көлік жұмысы таңғы сағат 06:00 басталады», — деп хабарлайды қалалық әкімдік. 

Сондай-ақ, түнде қатынайтын № 201, 202, 203 қоғамдық көліктер маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. 

Еске сала кетсек, 8 маусымнан Астанада түнгі автобустар жүре бастады.