Құрбандар зорлық-зомбылық туралы ашық айтса, іс тез ашылады – ІІМ

Елордада зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға қолдау көрсететін орталық жұмыс істейді. Ол жерде медициналық, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ҚазАқпарат

«Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық басқа да күш көрсету әрекеттеріне қарсы күрес шараларына аса мән береді. 2021 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша ішкі істер министрлігі жүйесінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу жұмыстарына әйелдерді тарта бастады. Бұл тәжірибені енгізу аталған санаттағы қылмыстарды тергеудің тиімділігіне оң әсерін тигізді. Жалпы құрбандар зорлық-зомбылық туралы ашық айтса, іс тез ашылады», - деді ІІМ тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Ораз Жайсанбай ведомствода өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жәбірленуші істің мән-жайын ашық айтқан кезде тергеушілерге деген сенім де артады.

«Бұл дәлелдерді бекіте отырып, жасалған әрекеттің барлық егжей-тегжейін уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік берді. Бүгінде зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін арнайы орталық бар. Ол жерде бір уақытта уақтылы медициналық, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіледі», - дейді ол.