Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді.
Жарыстың күнтізбесі төмендегідей:
Грек-рим күресі
1 ақпан. 55, 63, 72, 82 және 97 келі.
2 ақпан. 60, 67, 77, 87 және 130 келі.
Әйелдер күресі
3 ақпан. 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі.
Еркін күрес
4 ақпан. 57, 65,74,86, 92 келі.
5 ақпан. 61,70,79,97, 125 келі.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 1 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17.30-да өтеді. Жекпе-жектер күн сайын сағат 10.30-да басталады. Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды.
Ел біріншілігінің нәтижесіннен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандардың есімі белгілі болмақ.