Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Құрылтай сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен:
1. «Әділет» партиясы — 71,8%,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,4%,
3. Respublica партиясы — 5,4%,
4. Қазақстан халық партиясы — 3%,
5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1%,
6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,2%,
7. «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,
«Бәріне қарсымын» бағаны — 2,1%.
Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген.
Сағат 20.41-дегі мәліметке қарағанда, Құрылтай сайлауына қатысушылардың үлесі — 74,19%.
Kazinform оқырман назарына Құрылтай сайлауының хроникасын ұсынды.