Құрылтай сайлауы: партиялардың бюллетеньде орналасу реті анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту рәсімі өтіп, партиялардың бюллетеньде орналасу реті белгілі болды.

Фото: Kazinform / ЖИ

Жеребе қорытындысы бойынша сайлау бюллетенінде саяси партиялар мынадай ретпен орналастырылады:

  1. «Әділет» партиясы;
  2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
  3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  4. Қазақстан Халық партиясы;
  5. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  7. Respublica партиясы.
Фото: ОСК

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның барлығының партиялық тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.