Құрылтай сайлауы: «Социс-А» Exit poll нәтижесін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — «Социс-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Құрылтай сайлауында жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады.

Фото: ҚР СІМ

Сауалнама қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың дауысы былай бөлінген:

1. «Әділет» партиясы — 70,7%;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,4%;

 3. «Respublica» партиясы — 5,5%;

4. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 5,4%;

5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5%;

6. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 3,2%;

7. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,2%.

«Барлығына қарсымын» нұсқасын таңдағандар үлесі — 2,6%.

Инфографика: Kazinform

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықты мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.